Еуропа сапалы ірімшігі – күнделікті тағам өнімдері, оның ішінде сапалы ірімшік туралы хабардар етуге және жарнамалауға бағытталған Еуропа бағдарламасы. Бұл – Қазақстан , Әзірбайжан және Біріккен Араб Әмірліктері елдеріне арналған үш жылдық (2015-2018) кіріспе мақсат.

«Еуропа сапалы ірімшігі» бағдарламасын Еуропалық комиссия, Болгария ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі және Болгария сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы (BADP) бірлесіп құрған.

Болгария сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы – 1991 ж. наурыз айында құрылған ұйым және елдегі сүт өнімдері өндірушілерінің ерікті қауымдастығы. Қауымдастыққа 73 мықты өнеркәсіптік компания мүшелік етеді және құрамында Болгария сүт және сүт өнімдері нарығының белгілі өкілдері бар.

Бұл бағдарлама Еуропа ірімшіктерінің, оның ішінде сүзбе ірімшік пен Кашкавал ірімшігінің жоғары сапасы туралы хабардар етуді мақсат еткен. Тұтынуға ынталандыру – мақсатты топқа, оның ішінде тұтынушыларға жоғары сапалы ақпарат берген соң орындалатын екінші қадам.